Алматы қаласы ҚДСБ №8 Қалалық клиникалық аурухана
Ресми интернет-ресурс

ТҰМАУҒА ҚАРСЫ ЕКПЕНІ ӨТКІЗІП АЛМАҢЫЗ

Емханада тұмауға қарсы вакцина салдыруға болады. Бұл екпе науқаны эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша ауру жұқтыру қаупі жоғары адамдарға арналған. Олардың қатарына медицина қызметкерлері, диспансерлік есептегі балалар, балалар үйлері мен сәби үйлерінің тәрбиеленушілері, қарттар үйлерінің тұрғындары, жүктіліктің екінші және үшінші триместріндегі әйелдер, жүрек-қантамыр және тыныс алу жүйесінің созылмалы аурулары бар тұлғалар, жабық мекемелердің контингенті, мектеп оқушылары және басқа да топтар жатады.
№8 қалалық клиникалық ауруханасы жанындағы емханаға тіркелген тұрғындар екпені 204-кабинетте салдыра алады.
Тұмау – жұқпалы ауру. Оның ағымы вирустың түріне және адамның иммундық жүйесінің жағдайына байланысты жеңіл де, ауыр да өтуі мүмкін.
Еуропаның аурулардың алдын алу және бақылау жөніндегі орталығының (ECDC) ұсынысы бойынша: «Тұмауға қарсы вакцинация – бұл инфекцияның ауыр және асқынған түрлерінің алдын алудың негізгі тәсілі, тіпті екпенің тиімділігі сіз күткен деңгейден төмен болып жатса да маңызды».
Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз!