Бала ауырса не істеу керек:
Ең алдымен, балалардың 80%-ы тұмауды жеңіл түрде өткеретінін түсіну қажет.
Егер балаңызда ауру белгілері байқалса, үйде қалу керек, халық көп жиналатын орындарға бармау, ауырған баланы балабақшаға немесе мектепке апармау маңызды.
Аурудың алдын алу жолдары:
• Халық көп жиналатын орындарға бармау;
• Қолды жиі жуу;
• Маска тағу;
• Ауыру қаупі жоғары балалар мен ересектерге тұрғылықты жері бойынша емханадан тұмауға қарсы вакцинаны тегін алу мүмкіндігі бар.
Егер баланың ыстығы көтерілсе:
Баланың 1 кг салмағына 10–15 мг есебімен, әр 6 сағат сайын, тәулігіне 4 реттен көп емес парацетамол беріледі.
Алайда парацетамолдың бірнеше сауда атаулары бар екенін есте сақтаңыз:
Панадол, Эффералган, Колдрекс, Терафлю, Антигриппин, Фервекс, Цефикон шамдары.
Сондықтан тәуліктік дозаны есептегенде осының бәрін ескеру қажет. Рұқсат етілген мөлшерден асып кету бауырдың улануына алып келуі мүмкін.
Ескерту:
Вирустық инфекцияларды емдеуде антибиотик беруге қатаң тыйым салынады.
Вирусқа қарсы осельтамивир дәрісі бар, бірақ ол тек тұмау кезінде ғана тиімді. Сондықтан басқа жедел респираторлық вирустық инфекциялар кезінде тағайындалмайды.
Осельтамивирдің сауда атаулары: Тамифлю, Флувир, Номидес, Сельтавир және басқалары.
Балаға жиі қайнатылған жылы су беру, рационға ақуыз, көмірсу және майға бай тағамдарды қосу: ет, жұмыртқа, ірімшік, көкөніс, жеміс. Тағам сапалы әрі теңгерімді болуы керек. Үйдегі атмосфера тыныш, жылы және қолайлы болуы тиіс.
Қауіпті белгілер:
1. Температура 38°C-тан жоғары болып, 3 күннен ұзақ түспесе және қызу түсіретін дәрілер көмектеспесе;
2. Тыныс тарылуы (ентігу) пайда болса;
3. Бала тамақ ішпей, су ішпей қойса, құсу байқалса;
4. Бала үнемі жылай берсе немесе керісінше тым көп ұйықтаса, селқостық байқалса;
5. Талма (судороги) болса;
6. Баланың беті бозарып кетсе, нәжісте, зәрде немесе құсықта қан болса.
Бұл белгілердің біреуі байқалса — дереу жедел жәрдем шақыру немесе учаскелік дәрігерді үйге шақыру қажет.













