
2025 жылдың 2 мамырында №8 МКБ емханасында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған Ашық есік күні өтті. Іс-шара «Ешкім ұмытылмайды, ештеңе ұмыт қалмайды!» ұранымен ұйымдастырылды. Бұл күні емхана мамандары халық үшін консультативтік қабылдау өткізді, емдеу бойынша ұсыныстар берді. Сондай-ақ салауатты өмір салтын қалыптастыру негіздерін түсіндірді.
Мекеме қызметкерлері үшін «Қазақстан Республикасындағы қарттардың медициналық-әлеуметтік мәселелері» және «Остеопороз» тақырыбында дәріс ұйымдастырылды. Онда қариялардың денсаулығының өзекті аспектілері жарияланды.
Денсаулық мектебінің жұмысы аясында «Халықтың қартаюы: гериатриялық проблемаларға назар аудару» тақырыбында жас ерекшеліктеріне байланысты өзгерістер және олардың алдын алу тәсілдері туралы халықты ақпараттандыруды арттыруға бағытталған семинар-кездесу өтті.