
Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында ГКБ №8 жанындағы емхана #дәрігербаланыңжанашыры ұранымен бірқатар іс-шараларды өткізуде.
📅 Бүгін емханада Ашық есік күні өтті. Балаларға профилактикалық тексерулер жүргізілді. Сонымен қатар, емханаға келушілер мен қызметкерлердің балалары арасында сурет байқауы ұйымдастырылды. Күннің қорытындысы – «Салауатты әрі бақытты балалар» атты республикалық челленджге қатысу болды.
🏡 Дәстүр бойынша ешбір бала назардан тыс қалмайды – педиатрлар ерекше қажеттіліктері бар балаларға үйге барып қабылдау жүргізеді.
👶 Біз үшін әрбір баланың денсаулығы – тек медициналық қамқорлық емес, сондай-ақ мейірім, көңіл бөлу және қолдау. Алда – салауатты өмір салты бойынша шеберлік сағаттары, ата-аналарға арналған дәрістер және балаларға арналған интерактивті сабақтар.
🌟 Емханамыз әрбір бала өзін қауіпсіз әрі қамқорлықта сезінетін орынға айналсын дейміз. Балаларымыздың бақытты және дені сау болашағына бірге қадам жасайық!
#дәрігербаланыңжанашыры #денісәубала #балаларғақамқорлық #мейірімдідәрігер #ГКБ8