Алматы қаласы ҚДСБ №8 Қалалық клиникалық аурухана
Ресми интернет-ресурс

Скрининг кімдерге, қашан және қалай жүргізіледі

Скрининг белгілі бір халық топтары арасында жүргізіледі, ол ауруларды ерте кезеңде анықтап, асқындырмауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, қауіп факторларын анықтауға және денсаулықты нығайтуға көмектеседі.

Мақсатты топтарға кіретіндер:

40, 42, 44, 46, 48, 50, 52, 54, 56, 58, 60, 62, 64, 66, 68, 70 жастағы ерлер мен әйелдер – артериялық гипертонияны, жүректің ишемиялық ауруын, қант диабетін, глаукоманы, онкопатологияны және мінез-құлықтық қауіп факторларын ерте анықтау үшін.

40, 42, 44, 46, 48, 50, 52, 54, 56, 58, 60, 62, 64, 66, 68, 70 жастағы ерлер мен әйелдер динамикалық бақылауда тұрмайтындар – артериялық гипертонияны, жүректің ишемиялық ауруын және қант диабетін ерте анықтау үшін.

40, 42, 44, 46, 48, 50, 52, 54, 56, 58, 60, 62, 64, 66, 68, 70 — динамикалық бақылауда тұрмайтындар, глаукоманы ерте анықтау үшін.

30, 34, 38, 42, 46, 50, 54, 58, 62, 66, 70 жастағы әйелдер (жатыр мойны қатерлі ісігі бойынша динамикалық бақылауда тұрмайтындар) – жатыр мойны обырын ерте анықтау үшін.

40, 42, 44, 46, 48, 50, 52, 54, 56, 58, 60, 62, 64, 66, 68, 70 жастағы әйелдер (сүт безінің қатерлі ісігі бойынша динамикалық бақылауда тұрмайтындар) – сүт безі обырын ерте анықтау үшін.

50, 52, 54, 56, 58, 60, 62, 64, 66, 68, 70 жастағы ерлер мен әйелдер (тоқ ішектің қатерлі және қатерсіз ісіктері бойынша динамикалық бақылауда тұрмайтындар) – колоректалды обырды ерте анықтау үшін.

Скринингтен қалай өтуге болады?
Скринингтен өту үшін тұрғылықты жері (тіркелген жері) бойынша емханаға жүгіну керек. Әрбір алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымында скрининг кабинеттері бар. Өзіңізбен бірге жеке куәлікті алып бару қажет.