Алматы қаласы ҚДСБ №8 Қалалық клиникалық аурухана
Ресми интернет-ресурс

Сала үздігі

Алматы №8 қалалық клиникалық ауруханасы анестезиология және реанимация бөлімшесінің меңгерушісі Айтбаева Айжан Шеризатқызы «САЛАДА ҮЗДІК» деп танылды.

Астанада дәрігерлер арасында өткен «ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНДАҒЫ ҮЗДІК» халықаралық байқауының қорытындысы жарияланды.

Марапаттау рәсімі «МЕДИЦИНА ҒЫЛЫМЫ: КЕШЕ, БҮГІН, ЕРТЕҢ» бірінші халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы аясында өтті. Конференцияға 70 адам қатысты.

Айжан Шеризатқызы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың “Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам” атты Қазақстан халқына жолдауын кеңінен насихаттау мақсатында өткен «ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІГІ» атты халықаралық байқауда құрмет грамотасымен марапатталып, байқау жеңімпазы атанды.