Бөлімшенің міндеті: Алматы қаласының «№8 Қалалық клиникалық ауруханасы» терапия бөлімшесі ішкі ағзаларының түрлі аурулары бар науқастарға тәулік бойы мамандандырылған емдеу-диагностикалық көмек көрсетеді. Науқастарды ауруханаға жатқызу шұғыл және жоспарлы түрде жүргізіледі.
Бүгінгі таңда бюджеттік терапия бөлімшесі 45 төсекке есептелген.
№13, №25, №29 емханаларға, «мақсат Мед» ЖШС, «Open Medical channel» ЖШС, №8 қалалық клиникалық ауруханаға бекітілген Алматы қаласының Түрксіб және Алатау аудандарының тұрғындарына шұғыл көмек көрсетеді.
Бекітілген диагностика және емдеу хаттамаларына сәйкес ішкі аурулардың барлық патологиясы бар науқастарды емдеудің және тексерудің заманауи әдістерін қолданатын терапевтік бөлімше бүгінгі күннің талаптарына сәйкес келеді және бәсекеге қабілетті бөлімше болып табылады. Терапия бөлімшесінде жүректің ишемиялық ауруы, гипертония, созылмалы бронхит, анемия, асқазан-ішек жолдары, бауыр және өт жолдары, бүйрек және зәр шығару жүйесі аурулары бар пациенттерге білікті медициналық көмек көрсетіледі, сондай-ақ бронхит, пневмония, анемия, жүкті әйелдердің АГ, созылмалы пиелонефрит сияқты экстрагенитальды патологиясы бар жүкті әйелдерді тұрақты ауруханаға жатқызу жүргізіледі.
Бөлімшеде пациенттерді толық тексеру, диагнозды нақтылау үшін барлық мүмкіндіктер бар, дәлелді медицина, заманауи медициналық технологияны – ЭКГ, ЭхоКГ, Холтер, СМАД, Спирография, ультрадыбыстық, КТ, рентген-диагностика, Эндоскопиялық зерттеулерді пайдалана отырып терапия қағидаттарына негізделген
Жоспарлы түрде пациенттерді келесі нозологиялар бойынша қабылдаймыз:
— құжатпен расталған тарылуы бар стенокардия
— алғашқы екі жақты гонартроз
— алғашқы жайылған (остео)артроз
— басқа созылмалы панреатиттер
— гипертензивті (гипертониялық) жүрек жеткіліксіздігі (тоқырау) жоқ жүрек ауруы
— стенокардияның басқа түрлері
— өкпенің басқа анықталған созылмалы обструктивті ауруы