Алматы қаласы ҚДСБ №8 Қалалық клиникалық аурухана
Ресми интернет-ресурс

МРТ

Алматы N8 қалалық клиникалық ауруханада жаңа МРТ аппараты (2023 жылы шыққан) пайдалануға берілді.

МРТ әр түрлі ауруды дәл диагностикалау үшін маңызды. Ал N8 ҚКА-да емхана мен аурухана болғандықтан, жоғары сапалы медициналық қызмет көрсету үшін магнитті-резонансты терапия аппараты қажет.
Клиникаға бұрын МРТ тексеруден өту ұсынылған кез келген адам келе алады, біздің тәжірибелі мамандар процедураны сапалы және қауіпсіз орындайды.

Денсаулығыңызды кейінге қалдырмаңыз, МРТ-ға бүгін жазылыңыз!
Телефоны: +7 (747) 179-64-40, 8-707-240-40-78, 8-727-312-39-60.
Мекенжайы: Алматы қаласы, Түрксіб ауданы, Ақан сері көшесі, 36 (бұрынғы Теміржол ауруханасы).

МРТ (магниттік-резонанстық томография) — түрлі ауру кезінде ақпараты мол зерттеу әдісі.
Ол келесіні қамтиды:

1. Нейро-онкологиялық аурулар: ми, гипофиздің, жұлынның ісігі және орталық жүйке жүйесінің басқа да ісіктері.

2. Қан тамырлары аурулары: инсульт, аневризма, қан тамырларының ақаулары.

3. Ми мен омыртқа жарақаты.

4. Омыртқаның дегенеративті аурулары: остеохондроз, дискінің жарығы.

5. Ревматологиялық аурулар: артрит, васкулит.

6. Кеуде, құрсақ қуысының және жамбас ісіктері мен аурулары.

7. Буын мен жұмсақ тіндердің аурулары.

8. Балалар аурулары: туа біткен ауытқу, дамудың түрлі патологиялары.