
15 наурызда біздің емханада Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күніне орай, Ашық есік күні өтті. Іс-шара шеңберінде иммунитеттің төмендеуіне бейім диспансерлік топтан 21 пациент қаралды. Тексеруді емхана меңгерушісі Г.Ш. Иманбердиева, ал флюорографиялық зерттеуді — дәрігер-рентгенолог Т.Х. Байназаров жүргізді. Барлық пациенттерге емшара және салауатты өмір салтын сақтау бойынша ұсыныстар берілді.