Алматы қаласы ҚДСБ №8 Қалалық клиникалық аурухана
Ресми интернет-ресурс

2024 жыл қорытынды

2024 жыл қорытынды Алматыдағы №8 қалалық клиникалық ауруханада есеп беру жиыны өтті. Шара барысында 2024 жылдың жұмыс қорытындысы шығарылды. №8 қалалық клиникалық аурухана – бұрынғы «Алматы темір жол ауруханасы» ЖШС. Ол 2021 жылдың наурыз айында Алматы қаласы әкімдігінің № 1/165 Қаулысы негізінде Алматы қаласы әкімдігінің Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының коммуналдық меншігіне өтті. Аурухана ғимараты 1961 жылы салынған. Қазіргі уақытта, емхана Алматы қаласын дамытудың 2025 жылға дейінгі және 2030 жылға дейінгі орта мерзімді перспективалар бағдарламасының Жол картасына енгізілді. Стационарлық медициналық көмек «Қазақстан Республикасында стационарлық жағдайда медициналық көмек көрсету стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылдың 24 наурызындағы № 1 ҚР-ДСМ-27 Бұйрығына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылдың 7 маусымындағы «Қазақстан Республмкасы емделушілеріне медициналық көмек көрсету стандарты туралы» Бұйрығына сәйкес көрсетіледі.

● 2024 жылы №8 қалалық клиникалық аурухананың тәулік бойы жұмыс істейтін стационарында 7832 науқас емделді.

● 3570 науқас жоспарлы түрде емделді.

● 2024 жылы барлығы 4302 науқас шұғыл түрде емделді. №8 клиникалық аурухана тіркеудегі 12 мыңнан астам тұрғынға амбулаторлық-емханалық қызмет көрсетеді.

Жоспарлы скринингтік тексерулер жас ерекшеліктеріне қарай 100% халыққа қолжетімді. 2024 жылдың желтоқсанында №8 қалалық клиникалық аурухана Ұлттық аккредитациядан өтіп, үш жыл мерзімге бірінші санатқа ие болды.