
15 наурыз күні №8 қалалық клиникалық ауруханасының емханасында тіркелген тұрғындар үшін фтизиатрдың қабылдауы және флюорография алдын ала жазылусыз жүргізіледі.
Іс-шара Дүниежүзілік туберкулезбен күрес күніне орай ұйымдастырылып, «Иә! Біз туберкулезді жеңе аламыз: уәде береміз, инвестициялаймыз, әрекет етеміз!» деген ұранмен өтеді.
Туберкулез туралы не білу керек?
Туберкулез – микобактериялар тудыратын жұқпалы ауру. Ол көбіне өкпені зақымдайды, бірақ басқа ағзаларға да әсер етуі мүмкін. Ауру ауа арқылы, жөтелу және түшкіру кезінде таралады.
Алдын алу жолдары
✅ Туберкулездің негізгі белгілерін біліңіз: ұзаққа созылған жөтел, қызба, салмақ жоғалту, түнгі тершеңдік.
✅ Егер сізде осындай белгілер байқалса, дереу дәрігерге қаралыңыз.
✅ Флюорографиялық тексеруден өтіп тұрыңыз.
✅ Гигиена ережелерін сақтаңыз: жөтелгенде немесе түшкіргенде ауызды қолмен немесе орамалмен жабыңыз, пайдаланылған майлықтарды дұрыс тастаңыз.
#ДүниежүзілікТуберкулезбенКүресКүні