
Алматы қаласындағы №8 қалалық клиникалық ауруханасында кешенді сейсмикалық оқу-жаттығу өтті: өрт жағдайында және өзге де төтенше ахуалдарда эвакуациялау тәртібі пысықталды.
Оқу-жаттығуға барлық бөлімшелердің қызметкерлері мен пациенттер қатысты, бұл іс-қимылдардың үйлесімділігін және жедел әрекет ету дайындығын тексеруге мүмкіндік берді.
Басты мақсат — ұжымның ТЖ-ға дайындығын арттыру, тәуекелдерді азайту және пациенттердің қауіпсіздігі жүйесін нығайту. Алынған тәжірибе мен дағдылар болашақта жоспарларды одан әрі жетілдіруге және ауруханадағы қауіпсіздік мәдениетін күшейтуге негіз болады.