Алматы қаласы ҚДСБ №8 Қалалық клиникалық аурухана
Ресми интернет-ресурс

№7 учаскесі — педиатрия

№7 педиатрия учаскесі ең кішкентай пациент – 0-ден 6 жасқа дейінгі балаларға қызмет көрсетеміз. Емхана №8 қалалық клиникалық ауруханаға тіркелген барлығы 554 баланы медициналық қызметпен қамтамасыз етеді.
Педиатрия бөлімінің негізгі бағыттары:
1. Алдын алу тексерулері: Ауруды ерте анықтау мен оның алдын алу, сондай-ақ балалардың физикалық және психикалық дамуын қадағалау мақсатында профилактикалық тексеру жүргізу.
2. Вакциналау: Ұлттық екпе күнтізбесіне сәйкес балаларды инфекциялық аурудан қорғауды қамтамасыз ету. Екпе егу жайлы және қауіпсіз жағдайда жүргізіледі.
3. Кеңес беру және емдеу: Тәжірибелі дәрігерлер өткір респираторлық инфекция, аллергия, ас қорыту жүйесінің аурулары және басқа да көптеген ауру бойынша білікті көмек көрсетеді.
4. Отбасылық кеңес беру: Балалардың денсаулығы тек медициналық мәселе ғана емес, бүкіл отбасының қамқорлығы. Біздің мамандар балаларды күту, тамақтандыру және тәрбиелеу бойынша ұсыныстар береді.
5. Басқа мамандармен үйлесіп қызмет ету: Қажет болған жағдайда біздің педиатрлар балаларды қосымша тексеру мен емдеу үшін тар бейінді мамандарға жібереді, бұл әр пациенттің денсаулығына кешенді көзқарасты қамтамасыз етеді.
Біз балалар мен олардың ата-анасы үшін мейірімді және қолдаушы атмосфера құруға тырысамыз, сондықтан емханаға келу барынша жайлы болуы үшін барымызды саламыз. Балаларыңыздың денсаулығына қамқор болу – біздің міндетіміз!