Алматы қаласы ҚДСБ №8 Қалалық клиникалық аурухана
Ресми интернет-ресурс

Гинекология бөлімшесі

Алматы қаласы ҚДСБ №8 қалалық клиникалық аурухананың гинекология бөлімшесі 2023 жылдың наурыз айында ашылды. Бөлімше 30 төсек-орынға арналған. Бұған дейін гинекологиялық пациенттерге стационарлық ем жалпы хирургия бөлімшесінің базасында көрсетілген.

Бүгінде бөлімше келесі қызмет түрін көрсетеді:

— Гинекологиялық науқастарға тәулік бойы шұғыл, жоспарлы оталық және консервативті көмек;

— «Жүкті әйелдерді, шұғыл және жоспарлы гинекологиялық науқастарды госпитализациялау туралы» бұйрыққа сәйкес жүктіліктің 22 аптасына дейін — жүктілікті сақтауға бағытталған терапия;

— Жоспарлы пациенттер — емханадан Госпитализация бюросы порталы арқылы медициналық көрсеткіштер бойынша жүктілікті үзу үшін (22 аптаға дейін) бағытталған, экстрагениталды ауруы бар, мини және медикаментозды түсіктен кейінгі асқынуы бар науқастар.

Бөлімше келесі отаның барлық дерлік түрін орындайды:

— Кіші жамбас ағзаларына лапароскопиялық ота;

— Жатырішілік эндоскопиялық манипуляциялар;

— Ашық қолжетімді оталар;

— Госпитализация бюросы порталы арқылы жоспарлы түрде және Клиниканың ақылы қызметтері аясында — жыныс мүшелерінің түсіп кетуі және бедеулік кезінде жасалатын оталар.