
Кәсіби бірлік пен ризашылыққа толы жылы атмосферада ұжым ең ізгі мамандықтың бірі саналатын медбике еңбегінің маңызын атап өтті.
Клиника директоры Бейсенбеков Сағи Зульфухарович қатысушыларға құттықтау сөз арнады. Құттықтау барысында медбикелердің жанқиярлығы, кәсібилігі және денсаулық сақтау саласына қосқан баға жетпес үлесі ерекше атап өтілді.
Салтанатты бөлімде келесі өз ісінің үздіктері марапатталды.
Мерекелік бағдарлама аясында аурухананың түрлі бөлімшесінен құралған төрт команда арасында көңілді әрі кәсіби сайыс ұйымдастырылды.
Мереке соңында жеңімпаз командалар I, II және III орындарға ие болып, дипломмен және ақшалай сертификатпен марапатталды.