Warning: Trying to access array offset on null in /var/www/vhosts/h-60213.kz/almaty-gkb8.kz/plugins/system/nrframework/NRFramework/SmartTags.php on line 147

Warning: Trying to access array offset on null in /var/www/vhosts/h-60213.kz/almaty-gkb8.kz/plugins/system/nrframework/NRFramework/SmartTags.php on line 147

Warning: Trying to access array offset on null in /var/www/vhosts/h-60213.kz/almaty-gkb8.kz/plugins/system/nrframework/NRFramework/SmartTags.php on line 147
Мемлекеттік Ту
Call Centre: 8 (727) 310 76 32, Тіркеу бөлімі 8 (727) 310 76 38
Алматы қаласы ҚДСБ №8 Қалалық клиникалық аурухана
Ресми интернет-ресурс
Алматы

Мемлекеттік Ту

1046-300x151-1.jpg

 

Ту — мемлекеттің егемендігі мен бірегейлігін бейнелейтін басты рәміздерінің бірі. «Флаг» термині нидерланд тіліндегі «vlag» сөзінен шыққан. Ту — белгіленген өлшемі мен түсі бар, әдетте бетіне елтаңба немесе эмблема бейнеленген, сабына немесе бауға бекітілетін мата. Ежелден ту ел халқын біріктіру және оның белгілі бір мемлекеттік құрылымға тиесілігін білдіру қызметін атқарған.

Тәуелсіз Қазақстанның Мемлекеттік Туы 1992 жылы ресми түрде қабылданды. Оның авторы — суретші Шәкен Ниязбеков.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы — ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген көгілдір түсті тік төртбұрышты мата. Тудың сабы жағында ұлттық ою-өрнек салынған тік жолақ орналасқан. Күннің, оның шұғылаларының, қыранның және ұлттық ою-өрнектің бейнелері алтын түстес. Тудың ені мен ұзындығының арақатынасы — 1:2.

Геральдика дәстүрінде әрбір түс белгілі бір ұғымды білдіреді. Көгілдір түс адалдықты, сенімділікті және мінсіздікті бейнелейді. Сонымен қатар көгілдір түстің түркі мәдениетінде терең символдық мәні бар. Ежелгі түркілер аспанды әрдайым өздерінің құдай-әкесі ретінде қастерлеген, ал олардың көгілдір туы ата-бабаға деген адалдықты білдірген. Қазақстанның Мемлекеттік Туындағы бұл түс ашық аспанды, бейбітшілік пен амандықты, ал біртұтас түсті ая еліміздің бірлігін бейнелейді.

Геральдикалық қағидаттарға сәйкес күн байлық пен молшылықты, өмір мен қуатты білдіреді. Сондықтан еліміздің туындағы күн шұғылалары дәулет пен әл-ауқаттың нышаны — дән пішінінде бейнеленген. Қазақстанның мемлекеттік рәмізіндегі күн бейнесі оның жалпыадамзаттық құндылықтарға адалдығын айқындайды әрі жас мемлекеттің өміршең қуатқа толы екенін, әлемнің барлық елімен әріптестік пен ынтымақтастыққа ашық екенін көрсетеді.

Қыран бейнесі — көптеген халықтардың елтаңбалары мен туларында ежелден қолданылып келе жатқан негізгі геральдикалық белгілердің бірі. Бұл бейне әдетте биліктің, көрегендік пен кеңпейілділіктің нышаны ретінде қабылданады. Күн астында қалықтаған қыран мемлекеттің қуатын, егемендігі мен тәуелсіздігін, биік мақсаттарға және тұрақты болашаққа ұмтылысын білдіреді. Қыран бейнесі Еуразия көшпелілерінің дүниетанымында ерекше орын алады. Олар үшін ол еркіндік пен адалдық, қадір-қасиет пен батылдық, күш-қуат пен ой тазалығы сияқты ұғымдармен байланысты. Алтын қыранның нақышталған сұлбасы жас егемен мемлекеттің әлемдік өркениет биігіне ұмтылысын бейнелейді.

Мемлекеттік Тудың маңызды элементі — оның сабы жағында орналасқан ұлттық ою-өрнекті тік жолақ. Қазақ ою-өрнегі — халықтың эстетикалық талғамына сай дүниені көркем қабылдаудың өзіндік бір түрі. Түрлі пішіндер мен сызықтардың үйлесімін құрайтын ою-өрнек халықтың ішкі дүниесін ашып көрсететін көркемдік құрал болып табылады. Тудың сабы бойындағы ұлттық ою-өрнек Қазақстан халқының мәдениеті мен дәстүрлерін бейнелейді.

Записаться на прием

Сізбен басшының блогы арқылы байланысу мүмкіндігіне ие болғаныма шын жүректен қуаныштымын! Бұл аурухана қызметіне қатысты барлық сұрақтарыңызды талқылауға және жауап алуға жақсы мүмкіндік. Бұл арамызда тығыз қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік беретін қарым-қатынас, пікір алмасу алаңы. Әркім өз пікірін қалдыруға, сұрақ қоюға, ұсыныс жасауға мүмкіндігі бар.

+7 (727) 242-57-96

Искренне рад возможности общения с Вами посредством блога руководителя! Это хорошая возможность обсудить и получить ответы на все интересующие Вас вопросы, касающиеся деятельности больницы. Это площадка для общения, обмена мнениями, которая позволит установить тесные взаимоотношения между нами. У каждого есть возможность оставить свои комментарии, задать вопросы, внести предложения.

Надеюсь, что блог станет полезным ресурсом и эффективным инструментом в совместной работе.

Приемная директора: +7 (727) 242-57-96