Warning: Trying to access array offset on null in /var/www/vhosts/h-60213.kz/almaty-gkb8.kz/plugins/system/nrframework/NRFramework/SmartTags.php on line 147

Warning: Trying to access array offset on null in /var/www/vhosts/h-60213.kz/almaty-gkb8.kz/plugins/system/nrframework/NRFramework/SmartTags.php on line 147

Warning: Trying to access array offset on null in /var/www/vhosts/h-60213.kz/almaty-gkb8.kz/plugins/system/nrframework/NRFramework/SmartTags.php on line 147
Уронефрология бөлімшесі
Call Centre: 8 (727) 310 76 32, Тіркеу бөлімі 8 (727) 310 76 38
Алматы қаласы ҚДСБ №8 Қалалық клиникалық аурухана
Ресми интернет-ресурс
Алматы

Уронефрология бөлімшесі

Уронефрология бөлімшесі 2026 жылғы шілдеде Алматы қаласының №8 қалалық клиникалық ауруханасының базасында ашылды.

Бөлімшеде 30 төсек-орын бар, оның ішінде:

- урология бейіні бойынша — 15 төсек-орын;
- нефрология бейіні бойынша — 15 төсек-орын.

Пациенттерге урология және нефрология саласында тәжірибесі бар білікті мамандар медициналық көмек көрсетеді:

Касымов Алмас Халмуратович — бөлімше меңгерушісі, PhD докторанты, жоғары санатты дәрігер, еңбек өтілі — 20 жыл.

Әбсәт Жансерік Нарымбетұлы — екінші санатты уролог дәрігер, Ұлттық урология орталығында клиникалық ординатурадан өткен.

Байдаулетова Жулдыз Габитовна — нефролог дәрігер, еңбек өтілі — 7 жыл.

Бөлімшеде несеп шығару жүйесінің аурулары, оның ішінде урологиялық және нефрологиялық аурулары бар пациенттерді диагностикалау, емдеу және динамикалық бақылау жүзеге асырылады.

Нефрология бейіні бойынша бүйрек аурулары бар пациенттерге кешенді тексеру және емдеу жүргізіледі. Олардың қатарына созылмалы бүйрек ауруы, гломерулярлық аурулар, нефроздық және нефриттік синдромдар, бүйректің зақымдануымен байланысты артериялық гипертензия және басқа да бүйрек аурулары жатады.

Урология бейіні бойынша несеп шығару жолдары мен ерлердің репродуктивтік жүйесінің ауруларын, сондай-ақ жүкті әйелдердегі пиелонефритті диагностикалау және емдеу жүргізіледі.

Бөлімшеде консервативтік және хирургиялық емдеу әдістері қолданылады.

Қазіргі уақытта бөлімшеде мынадай хирургиялық араласулар жасалады:

- эндоскопиялық литоэкстракция — несеп шығару жолдарындағы тастарды эндоскопиялық әдіспен алып тастау;
- ашық аденомэктомия — қуықасты безінің қатерсіз гиперплазиясын хирургиялық емдеу;
- люмботомия;
- әртүрлі орналасқан стриктуралар кезінде буждау.

Уронефрология бөлімшесі пациенттерді диагностикалау мен емдеуге кешенді тәсілді қолдана отырып, медициналық көмектің нефрологиялық және урологиялық бағыттары арасындағы сабақтастықты қамтамасыз етеді.

Записаться на прием

Сізбен басшының блогы арқылы байланысу мүмкіндігіне ие болғаныма шын жүректен қуаныштымын! Бұл аурухана қызметіне қатысты барлық сұрақтарыңызды талқылауға және жауап алуға жақсы мүмкіндік. Бұл арамызда тығыз қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік беретін қарым-қатынас, пікір алмасу алаңы. Әркім өз пікірін қалдыруға, сұрақ қоюға, ұсыныс жасауға мүмкіндігі бар.

+7 (727) 242-57-96

Искренне рад возможности общения с Вами посредством блога руководителя! Это хорошая возможность обсудить и получить ответы на все интересующие Вас вопросы, касающиеся деятельности больницы. Это площадка для общения, обмена мнениями, которая позволит установить тесные взаимоотношения между нами. У каждого есть возможность оставить свои комментарии, задать вопросы, внести предложения.

Надеюсь, что блог станет полезным ресурсом и эффективным инструментом в совместной работе.

Приемная директора: +7 (727) 242-57-96