Warning: Trying to access array offset on null in /var/www/vhosts/h-60213.kz/almaty-gkb8.kz/plugins/system/nrframework/NRFramework/SmartTags.php on line 147

Warning: Trying to access array offset on null in /var/www/vhosts/h-60213.kz/almaty-gkb8.kz/plugins/system/nrframework/NRFramework/SmartTags.php on line 147

Warning: Trying to access array offset on null in /var/www/vhosts/h-60213.kz/almaty-gkb8.kz/plugins/system/nrframework/NRFramework/SmartTags.php on line 147
Қант диабеті спортпен айналысуға кедергі емес: эндокринолог кеңесі
Call Centre: 8 (727) 310 76 32, Тіркеу бөлімі 8 (727) 310 76 38
Алматы қаласы ҚДСБ №8 Қалалық клиникалық аурухана
Ресми интернет-ресурс
Алматы

Қант диабеті спортпен айналысуға кедергі емес: эндокринолог кеңесі

Previous Next

Соңғы жылдары қоғамда салауатты өмір салтына, дене белсендігіне деген қызығушылық артып келеді. Бірі жаяу жүреді, бірі велосипед тебеді, енді бірі жүгіреді. Ауладағы жаттығу алаңы да, бұқаралық марафон да көбее түсті.

Алайда қант диабеті диагнозы қойылған кей адамдар спортпен айналысуды шектеп, дене белсендігінен бас тартып жатады. Шын мәнінде, қант диабеті белсенді өмір салтын тоқтатуға себеп пе?

Алматы №8 қалалық клиникалық ауруханасының эндокринология бөлімшесінің меңгерушісі, дәрігер-эндокринолог Мұқажанова Ғазиза Қапарқызы қант диабеті бар адамға спортпен қалай дұрыс айналысу керек екенін түсіндірді.

Маманның айтуынша, көп жағдайда дене белсендігі қант диабетін бақылаудың маңызды бөлігі саналады. Яғни диабет диагнозы қойылған адамға қимыл-қозғалысты шектеудің қажеті жоқ. Керісінше, дұрыс таңдалған жаттығу қандағы қант мөлшерін бақылауға, ағзаның инсулинге сезімталдығын арттыруға, дене салмағын қалыпта ұстауға және жүрек-қантамыр жүйесін нығайтуға көмектеседі.

Бірақ кез келген жаттығу бәріне бірдей жарамайды. Дене белсендігінің түрі мен қарқыны адамның денсаулығына, диабеттің түріне және асқынудың бар-жоғына қарай таңдалуы керек. Сондықтан спортпен айналысуды бастамас бұрын пациент өзінің эндокринологымен кеңескені жөн. Дәрігер денсаулық жағдайына сәйкес келетін жаттығу түрі мен жүктеме деңгейін анықтайды.

«Дене белсенділігін қант диабетін емдеу мен бақылаудың маңызды бір бөлігі деуге болады. Жаттығу кезінде бұлшықет қандағы глюкозаны белсенді пайдаланады. Соның нәтижесінде қандағы қант мөлшері төмендеуі мүмкін. Тұрақты қозғалыс ағзаның инсулинді тиімді пайдалануына да ықпал етеді.

Сондықтан қант диабетін бақылауда үш нәрсе қатар жүруі керек: дұрыс тамақтану, дәрі-дәрмекпен емделу және дене белсендігі.

Көпшілікке жаяу жүру, жүзу, велосипед тебу, баяу жүгіру, фитнес сияқты жаттығу қолайлы. Бірақ оның түрі мен қарқыны әр адамға жеке таңдалады.

Мысалы, диабет бақылаудан шыққанда, қандағы қант мөлшері шамадан тыс жоғары болғанда немесе кетондар анықталғанда, ауыр гипогликемия қаупі жоғары болса, жүрек-қантамыр жүйесінде асқыну, диабеттік табан синдромы немесе көз түбінде айқын өзгеріс болса, дене белсендігіне уақытша шектеу қою қажет болуы мүмкін», - дейді №8 ҚКА дәрігер-эндокринологы Ғазиза Мұқажанова.

Қант диабеті бар адам жаттығу кезінде қандағы глюкоза деңгейін бақылап, гипогликемия қаупін ескеруі керек. Әсіресе инсулин немесе қандағы қантты төмендетіп, гипогликемияға әкелуі мүмкін дәріні қабылдайтын адамдар абай болғаны жөн.

Жаттығу алдында қандағы қант деңгейін тексеру қажет болуы мүмкін. Сонымен бірге өзіңізбен бірге тез сіңетін көмірсу - мысалы, глюкоза таблеткасы немесе тәтті сусын алып жүрген дұрыс. Сұйықтықты жеткілікті мөлшерде ішу, ыңғайлы аяқ киім кию де маңызды. Қандағы глюкозаны жаттығу кезінде ғана емес, одан кейін де бақылау қажет.

«Көп тараған қате түсініктің бірі - “Менде диабет бар, сондықтан спортпен айналыса алмаймын” деген пікір. Тағы бірі - “Спортпен айналыссам, қант міндетті түрде түсіп кетеді” деген қорқыныш.

Негізінде дене белсендігіне қандағы глюкозаның жауабы әр адамда әр түрлі. Кейбір жағдайда жаттығу кезінде қант мөлшері төмендейді. Ал қарқыны жоғары жаттығудан кейін уақытша жоғарылауы да мүмкін. Сондықтан өз ағзаңыздың жаттығуға қалай жауап беретінін бақылау маңызды», - дейді дәрігер.

Дәрігер жаттығуды бірден ауыр жүктемеден бастауды ұсынбайды. Алдымен күн сайын 10-15 минут баяу жүріп, кейін серуендеу уақытын біртіндеп ұзартуға болады. Уақыт өте келе аптасына бірнеше рет орташа қарқындағы аэробты жаттығуды немесе жеңіл күш жаттығуын қосуға болады.

Ең бастысы - аздан бастап, жүктемені біртіндеп арттыру.

Қант диабеті бар адамдардың спортта жоғары нәтижеге жетуіне де еш кедергі жоқ. Диагноз қойылғаннан кейін де спортты жалғастырып, айтарлықтай жетістікке жеткен адамдар аз емес.

«Кәсіби деңгейде немесе өте қарқынды жаттығатын адамдар үшін қандағы глюкоза деңгейін бақылау, дұрыс тамақтану, дене жүктемесіне қарай инсулиннің немесе басқа дәрінің мөлшерін түзету және гипогликемияның алдын алу аса маңызды.

Мұндай жағдайда эндокринологпен бірге жеке жоспар құрған дұрыс. Біздің бөлімде біз пациенттерді емдеумен ғана шектелмейміз. Оларға диабетті өз бетінше бақылауды, ағзасын және оның әр түрлі жағдайға реакциясын түсінуді үйретеміз. Сонымен қатар күн тәртібі мен тамақтану тәртібін дұрыс ұйымдастыруға көмектесеміз», - дейді Ғазиза Мұқажанова.

Қант диабеті кезінде дене белсендігі бағдарламасы әр адамға жеке жасалуы керек. Жаттығудың көлемі мен қарқыны адамның жасына, дене дайындығына, диабеттің түріне, қандағы глюкоза деңгейіне, қабылдайтын дәрісіне, дене салмағына және аурудан туындаған асқынуға қарай белгіленеді.

Мысалы, 1-типті және 2-типті қант диабеті бар адамдардың жаттығу тәртібі бірдей емес. Сондықтан «бәріне ортақ бір жаттығу бағдарламасы» бұл жағдайда жарамайды.

«Диагноз дене белсендігіне нүкте қоймайды. Қант диабеті міндетті түрде отырықшы өмір салтына әкелмейді. Керісінше, дұрыс таңдалған дене белсендігі диабетті бақылауға көмектеседі.

Ең бастысы - спорттан қорықпау, қауіпсіздік талаптарын сақтау және дене жүктемесін өз жағдайыңызға қарай бейімдеу. Диабет өмір салтыңызды толық шектеуге тиіс емес. Ауруды дұрыс бақылаған жағдайда белсенді өмір салтын жалғастыруға болады», - деп қорытындылады дәрігер.

Записаться на прием

Сізбен басшының блогы арқылы байланысу мүмкіндігіне ие болғаныма шын жүректен қуаныштымын! Бұл аурухана қызметіне қатысты барлық сұрақтарыңызды талқылауға және жауап алуға жақсы мүмкіндік. Бұл арамызда тығыз қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік беретін қарым-қатынас, пікір алмасу алаңы. Әркім өз пікірін қалдыруға, сұрақ қоюға, ұсыныс жасауға мүмкіндігі бар.

+7 (727) 242-57-96

Искренне рад возможности общения с Вами посредством блога руководителя! Это хорошая возможность обсудить и получить ответы на все интересующие Вас вопросы, касающиеся деятельности больницы. Это площадка для общения, обмена мнениями, которая позволит установить тесные взаимоотношения между нами. У каждого есть возможность оставить свои комментарии, задать вопросы, внести предложения.

Надеюсь, что блог станет полезным ресурсом и эффективным инструментом в совместной работе.

Приемная директора: +7 (727) 242-57-96