Репродуктивті денсаулық апталығы аясында біздің емхананың әйелдер консультациясында «Әйелдер денсаулығы» тақырыбында дәрістер өткізілді.
Дәрігерлеріміз тұрақты тексерулердің маңыздылығы, гинекологиялық аурулардың алдын алу, отбасын жоспарлау және әйелдің өмірінің әр кезеңіндегі репродуктивті денсаулықты сақтау туралы жан-жақты ақпарат берді.
Қатысушылар пайдалы ақпарат алып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, кәсіби жауаптар алды.
Баршаңызға белсенді қатысқандарыңыз үшін алғыс айтамыз!
Өздеріңізді күтіңіздер және ұмытпаңыздар: өзіңізге деген қамқорлық — денсаулыққа көңіл бөлуден басталады










