Біздің дәрігерлер тобы ерекше жағдайға тап болды. 56 жастағы науқас Алматы №8 қалалық клиникалық ауруханасының қабылдау бөліміне іштің ауырсынуына және әлсіздікке шағымданып түсті. Тексеру барысында науқастың іш қуысында үш жыл бар 30-40 см өлшемді ісік түзілімі байқалған.
💉 Ота жасау туралы шешім бірден қабылданды. Дәрігерлер 11 литр сірі құрамды аналық без ісігін сәтті алып тастады. Отадан кейінгі алғашқы сағатта-ақ пациент айтарлықтай жеңілдік сезінді. Отадан кейінгі кезең жақсы өтіп, науқас тез сауыға түсті. Мұндай ота жоғары кәсібилік пен дәрігерлер тобының үйлесімділігін қажет ететіні сөзсіз. Аталғандай үлкен зақымдануды ең аз асқынумен жою хирургиялық топ үшін нағыз жетістік.
Біз науқасқа көмектесе алғанымызға қуаныштымыз және күн сайын адам өмірін сақтап қалатын кәсіпқойлар командасын мақтан етеміз.
💪 Денсаулығыңызды қадағалаңыз және алғашқы белгілерде-ақ дәрігерге көрініңіз.
#хирургия #денсаулық #медицина #гинекология #гинекологалматы #гинеколог #аналықбезісігі #миома










