Warning: Trying to access array offset on null in /var/www/vhosts/h-60213.kz/almaty-gkb8.kz/plugins/system/nrframework/NRFramework/SmartTags.php on line 147

Warning: Trying to access array offset on null in /var/www/vhosts/h-60213.kz/almaty-gkb8.kz/plugins/system/nrframework/NRFramework/SmartTags.php on line 147

Warning: Trying to access array offset on null in /var/www/vhosts/h-60213.kz/almaty-gkb8.kz/plugins/system/nrframework/NRFramework/SmartTags.php on line 147
Креатинин көтерілді: нефрологқа қашан бару керек?
Call Centre: 8 (727) 310 76 32, Тіркеу бөлімі 8 (727) 310 76 38
Алматы қаласы ҚДСБ №8 Қалалық клиникалық аурухана
Ресми интернет-ресурс
Алматы

Креатинин көтерілді: нефрологқа қашан бару керек?

Креатинин көтерілді: нефрологқа қашан бару керек?

Бүйрек аурулары көбіне айқын белгісіз дамиды. Мұндай жағдайда алғашқы белгі тапсырылатын талдаудан байқалуы мүмкін, атап айтқанда қандағы креатинин деңгейінің жоғарылауы, зәрде ақуыздың немесе қанның анықталуы. Мұндай өзгерісті елемеуге болмайтыны және қандай жағдайда нефрологтың кеңесі қажет екені туралы Алматы №8 қалалық клиникалық ауруханасы уронефрология бөлімінің нефрологы Жұлдыз Байдаулетова айтып берді.

Бүйрек ұзақ уақыт бойы өз қызметін бұзылыспен атқарып, адамға айтарлықтай жайсыздық тудырмауы мүмкін. Сондықтан бүйрек аурулары көбіне кездейсоқ - профилактикалық тексеру кезінде немесе басқа себеппен талдау тапсырған кезде анықталады.

«Бүйректі жиі “үнсіз ағза” деп атайды. Ауру ұзақ уақыт бойы айқын белгісіз дамуы мүмкін. Ал адам бүйрекке қатысты мәселенің бар екенін қан немесе зәр талдауының нәтижесінен не басқа себеппен тексеруден өткен кезде кездейсоқ білуі мүмкін», - дейді Жұлдыз Байдаулетова.

Маманның айтуынша, нефрологтың негізгі міндетінің бірі - пайда болған асқынуды емдеу ғана емес, бүйрек қызметінің бұзылу себебін анықтап, оның қызметінің әрі қарай төмендеуін баяулату үшін емді дер кезінде бастау.

Нефрологқа қаралуға мынадай жағдайлар себеп болуы мүмкін:

- қандағы креатинин деңгейінің жоғарылауы;

- зәрде ақуыздың анықталуы;

- зәрде қанның болуы;

- ісінудің пайда болуы;

- артериялық қысымның ұзақ уақыт бойы жоғары болуы;

- бүйрек қызметінің бұзылғанын көрсететін басқа да зертханалық көрсеткіштің өзгеруі;

- созылмалы бүйрек ауруы диагнозының қойылуы.

Алайда талдаудағы бір ғана көрсеткіштің өзгеруі нақты диагноз қойылды дегенді білдірмейді. Оның нәтижесін басқа көрсеткішпен, науқастың бұрынғы ауруы мен денсаулық жағдайын ескере отырып, кешенді түрде бағалау маңызды.

№8 қалалық клиникалық аурухананың уронефрология бөлімінде созылмалы бүйрек ауруы (СБА), бүйректің жедел зақымдануы (БЖЗ), сондай-ақ бүйрек шумақшалары зақымданатын гломерулярлық ауруды диагностикалау және емдеу жүргізіледі.

Мамандар өз жұмысында дәлелді медицина қағидаларын басшылыққа алады. Яғни емдеу тактикасы клиникалық ұсынымдарға, ғылыми зерттеу нәтижелеріне және әр пациенттің жеке ерекшеліктеріне қарай анықталады.

«Біз қажетсіз тексеру мен ем тағайындаудан барынша аулақ болуға тырысамыз. Ең алдымен, нақты адам үшін бүйрек қызметін сақтап қалуға және аурудың болжамын жақсартуға не көмектесетінін анықтаймыз», - дейді нефролог.

Бүйрек қызметі қатты бұзылған пациенттерге көмек көрсету де бөлім жұмысының маңызды бағытының бірі. №8 қалалық клиникалық ауруханада гемодиализ жүргізіледі. Сондықтан медициналық көрсетілім болған жағдайда пациент қажетті мамандандырылған көмекті бір аурухананың өзінде тегін - МӘМС және ТМККК аясында ала алады.

Маманның айтуынша, бүйрек аурулары кезінде тек адамның өзін қалай сезінетініне қарап қорытынды жасауға болмайды. Ауырсынудың немесе басқа да айқын шағымның болмауы бүйрек қызметінің бұзылмағанын білдірмейді.

«Егер талдау нәтижесінде креатинин деңгейі жоғары болса, зәрден ақуыз немесе қан анықталса, ісіну пайда болса, қан қысымы ұзақ уақыт бойы жоғары болып тұрса немесе сізге “созылмалы бүйрек ауруы” диагнозы қойылған болса, оның себебін анықтап, әрі қарай емдеу тактикасын белгілеу маңызды», - деп атап өтті Жұлдыз Байдаулетова.

№8 қалалық клиникалық аурухананың уронефрология бөлімі бүйрек аурулары бар пациенттерге мамандандырылған медициналық көмек көрсетеді. Соның ішінде мұнда диагностика, емдеу және бүйрек қызметі қатты бұзылған пациенттерді бақылау қарастырылған.

Пациент үшін ең басты қағида - талдаудан өзгеріс анықталған жағдайда тексерілу мәселесін кейінге қалдырмау. Бүйрек қызметінің бұзылу себебі неғұрлым ерте анықталса, жағдайды дер кезінде түзетуге мүмкіндік соғұрлым жоғары болады.

Записаться на прием

Сізбен басшының блогы арқылы байланысу мүмкіндігіне ие болғаныма шын жүректен қуаныштымын! Бұл аурухана қызметіне қатысты барлық сұрақтарыңызды талқылауға және жауап алуға жақсы мүмкіндік. Бұл арамызда тығыз қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік беретін қарым-қатынас, пікір алмасу алаңы. Әркім өз пікірін қалдыруға, сұрақ қоюға, ұсыныс жасауға мүмкіндігі бар.

+7 (727) 242-57-96

Искренне рад возможности общения с Вами посредством блога руководителя! Это хорошая возможность обсудить и получить ответы на все интересующие Вас вопросы, касающиеся деятельности больницы. Это площадка для общения, обмена мнениями, которая позволит установить тесные взаимоотношения между нами. У каждого есть возможность оставить свои комментарии, задать вопросы, внести предложения.

Надеюсь, что блог станет полезным ресурсом и эффективным инструментом в совместной работе.

Приемная директора: +7 (727) 242-57-96