Call Centre: 8 (727) 310 76 32, Тіркеу бөлімі 8 (727) 310 76 38
Алматы қаласы ҚДСБ №8 Қалалық клиникалық аурухана
Ресми интернет-ресурс
Алматы
25.17°C

Әдеп талаптарың сақтау және жемқорлыққа қарсы шаралар

Әдеп талаптарың сақтау және жемқорлыққа қарсы шаралар

№8 қалалық клиникалық ауруханада қызметкерлерге арналған Қазақстан Республикасының Әдеп кодексі талаптары мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау тақырыбында семинар өтті.

Түсіндіру жұмыстарын комплаенс-офицер А.Е. Эспаева мен заңгер Л.С. Маметалиева жүргізді. Кездесу барысында қызметкерлерге Әдеп кодексінің негізгі қағидалары мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы қолданыстағы заңнама нормалары еске салынды.

Атап айтқанда, мүдделер қақтығысына жол бермеу, сыйлықтар мен өзге де сыйақыларды қабылдауға тыйым салу, сондай-ақ іскерлік әдепті сақтау мәселелеріне ерекше назар аударылды. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар анықталған жағдайда әрекет ету тәртібі мен көзделген жауапкершілік түсіндірілді.

Сонымен қатар, пациенттермен өзара іс-қимыл жасау кезіндегі мінез-құлық стандарттары қарастырылып, дөрекілік немесе агрессия көріністері туындаған жағдайларда дұрыс әрекет ету жолдары айтылды. Қызметтік әдепті сақтау маңыздылығы атап өтіліп, ұжымда өзара құрмет пен кәсіби қарым-қатынасты қалыптастыру қажеттігі баса айтылды.

Диалог форматында өткен семинарда қызметкерлер практикалық жағдайларға қатысты сұрақтар қойды: мүдделер қақтығысы, сыйлық алудың рұқсат етілуі, құқық бұзушылықтар туралы хабарлау тәртібі, жауапкершілік шаралары, сондай-ақ пациенттер мен әріптестермен қарым-қатынас нормалары. Барлық сұрақтарға жан-жақты түсіндірмелер берілді.

Записаться на прием

Сізбен басшының блогы арқылы байланысу мүмкіндігіне ие болғаныма шын жүректен қуаныштымын! Бұл аурухана қызметіне қатысты барлық сұрақтарыңызды талқылауға және жауап алуға жақсы мүмкіндік. Бұл арамызда тығыз қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік беретін қарым-қатынас, пікір алмасу алаңы. Әркім өз пікірін қалдыруға, сұрақ қоюға, ұсыныс жасауға мүмкіндігі бар.

+7 (727) 242-57-96

Искренне рад возможности общения с Вами посредством блога руководителя! Это хорошая возможность обсудить и получить ответы на все интересующие Вас вопросы, касающиеся деятельности больницы. Это площадка для общения, обмена мнениями, которая позволит установить тесные взаимоотношения между нами. У каждого есть возможность оставить свои комментарии, задать вопросы, внести предложения.

Надеюсь, что блог станет полезным ресурсом и эффективным инструментом в совместной работе.

Приемная директора: +7 (727) 242-57-96