2024 жылғы 16 наурызда сағат 9.00-ден 14.00-ге дейін Алматы қаласының №8 қалалық клиникалық ауруханасының емханасында Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күніне арналған Ашық есік күні өтеді.
Флюорографиялық тексеруден өтіп, нәтижесін алуға болады. Сондай-ақ фтизиатрдың кеңесі беріледі.
Назар аударыңыз, тек №8 қалалық клиникалық ауруханаға бекітілген адамдар.










