Call Centre: 8 (727) 310 76 38 , Тіркеу бөлімі 8 (727) 310 76 32
Алматы қаласы ҚДСБ №8 Қалалық клиникалық аурухана
Ресми интернет-ресурс
Алматы
2.95°C

Алматыда мерзімі өткен дәрі-дәрмекті қабылдау науқаны басталды

Алматыда мерзімі өткен дәрі-дәрмекті қабылдау науқаны басталды

Алматы емханаларында «Алматы - ортақ үйіміз» науқаны аясында тұрғындардан мерзімі өтіп кеткен дәрі-дәрмекті қабылдау мерзімсіз науқаны басталды.
Бұл бастама мерзімі өтіп кеткен дәріні дұрыс кәдеге жарату және оның қоршаған ортаға тигізетін әсері туралы халықтың хабардарлығын арттыруға бағытталған.

Көбіміз мерзімі өтіп кеткен дәрі-дәрмекті қалай дұрыс жою керек екенін білмей, үйде сақтап жатамыз. Нәтижесінде мұндай дәрі қоршаған ортаны ластау көзіне айналуы немесе денсаулыққа кері әсер тигізуі мүмкін.

Бұл науқан тұрғындарға мерзімі өтіп кеткен дәрі-дәрмекті қауіпсіз жоюға көмектесу үшін ұйымдастырылған.
Ол үшін әр емханада арнайы жәшік орнатылған.

Тұрғындар мұндай жәшіктер қай емханада орнатылғаны туралы ақпаратты Almaty.kz сайтынан ала алады.

Аталған жәшіктерге:
- тұтас күйінде блистерде таблеткаларды;
- тығыз байланған пакетте қаптамасыз капсула таблеткаларды;
- тығыз байланған пакетте анализге арналған банкаларды;
- сұйықтығы бар флакондарды: сироп, тамшы және т.б. Егер ол ағып жатса, оны тығыз байланған пакетте;
- тұтас және қолданылған ампулаларды тығыз байланған пакетте;
- жақпа, гельдер, қақпағы болмаса тығыз байланған пакетте
салуға болады.

Бетперде, қолғап, аяққап, шприц және инесі бар инъекциялық жүйелер, пайдаланылған таңғыштар (жабысқақ пластырь, дәке, мақта) қабылданбайды.

Біз барлық тұрғынды осы бастамаға қосылып, салауатты және таза қоршаған ортаны сақтауға үлес қосуға шақырамыз.

Записаться на прием

Сізбен басшының блогы арқылы байланысу мүмкіндігіне ие болғаныма шын жүректен қуаныштымын! Бұл аурухана қызметіне қатысты барлық сұрақтарыңызды талқылауға және жауап алуға жақсы мүмкіндік. Бұл арамызда тығыз қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік беретін қарым-қатынас, пікір алмасу алаңы. Әркім өз пікірін қалдыруға, сұрақ қоюға, ұсыныс жасауға мүмкіндігі бар.

+7 (727) 242-57-96

Искренне рад возможности общения с Вами посредством блога руководителя! Это хорошая возможность обсудить и получить ответы на все интересующие Вас вопросы, касающиеся деятельности больницы. Это площадка для общения, обмена мнениями, которая позволит установить тесные взаимоотношения между нами. У каждого есть возможность оставить свои комментарии, задать вопросы, внести предложения.

Надеюсь, что блог станет полезным ресурсом и эффективным инструментом в совместной работе.

Приемная директора: +7 (727) 242-57-96