Warning: Trying to access array offset on null in /var/www/vhosts/h-60213.kz/almaty-gkb8.kz/plugins/system/nrframework/NRFramework/SmartTags.php on line 147

Алматы қаласының №8 қалалық клиникалық ауруханасында қант диабетімен ауыратын науқастарға мамандандырылған медициналық көмек көрсетіле бастады
Call Centre: 8 (727) 310 76 32, Тіркеу бөлімі 8 (727) 310 76 38
Алматы қаласы ҚДСБ №8 Қалалық клиникалық аурухана
Ресми интернет-ресурс
Алматы
8.95°C

Алматы қаласының №8 қалалық клиникалық ауруханасында қант диабетімен ауыратын науқастарға мамандандырылған медициналық көмек көрсетіле бастады

Алматы қаласының №8 қалалық клиникалық ауруханасында қант диабетімен ауыратын науқастарға мамандандырылған медициналық көмек көрсетіле бастады

Кімдерге ауруханада ем қабылдау қажет болуы мүмкін?

Мынадай жағдайлары бар пациенттерге:

• 1 және 2 типті қант диабеті;
• алғаш анықталған қант диабеті — аурудың түрін нақтылау және емдеу тактикасын таңдау үшін;
• қант диабетінің декомпенсациясы және қандағы глюкоза деңгейінің айқын жоғарылауы (гипергликемия);
• гипогликемиялық жағдайлар;
• диабеттік табан, нефропатия, полинейропатия және ангиопатияны қоса алғанда, қант диабетінің асқынулары;
• қалқанша без, бүйрекүсті бездері және гипофиз аурулары;
• кальций-фосфор алмасуының бұзылыстары;
• ауыр дәрежедегі семіздік және басқа да метаболизмдік бұзылыстар.

?‍⚕️ Стационарда қандай көмек көрсетіледі?

Эндокринолог дәрігерлер қажетті диагностика мен медициналық бақылау жүргізеді, гормондық көрсеткіштерді бағалайды, аурудың асқынуларын анықтайды, сондай-ақ емдеу тәсілін таңдап, қажет болған жағдайда түзетеді. Оның ішінде қантты төмендететін дәрілермен және инсулинмен емдеу терапиясы да бар.

Пациенттерге ауруды өз бетінше бақылау бойынша ұсынымдар беріледі. Қажет болған жағдайда басқа бейінді мамандардың консультациясы ұйымдастырылады.

? Ем алуға қалай болады?

Жоспарлы түрде ауруханаға жатқызу «Ауруханаға жатқызу бюросы» порталы арқылы жүзеге асырылады.

Шұғыл госпитализация медициналық көрсетілімдер болған жағдайда жүргізіледі.

Жаңа эндокринологиялық бағыт бойынша жоспарлы түрде медициналық көмек №13, №25, №29, №14 қалалық емханаларына, «Саялы» емханасына, «Максат Мед» ЖШС-не, «Open Medical Channel» ЖШС-не және Алматы қаласы ҚДСБ №8 Қалалық клиникалық ауруханасына тіркелген пациенттерге көрсетіледі.

Записаться на прием

Сізбен басшының блогы арқылы байланысу мүмкіндігіне ие болғаныма шын жүректен қуаныштымын! Бұл аурухана қызметіне қатысты барлық сұрақтарыңызды талқылауға және жауап алуға жақсы мүмкіндік. Бұл арамызда тығыз қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік беретін қарым-қатынас, пікір алмасу алаңы. Әркім өз пікірін қалдыруға, сұрақ қоюға, ұсыныс жасауға мүмкіндігі бар.

+7 (727) 242-57-96

Искренне рад возможности общения с Вами посредством блога руководителя! Это хорошая возможность обсудить и получить ответы на все интересующие Вас вопросы, касающиеся деятельности больницы. Это площадка для общения, обмена мнениями, которая позволит установить тесные взаимоотношения между нами. У каждого есть возможность оставить свои комментарии, задать вопросы, внести предложения.

Надеюсь, что блог станет полезным ресурсом и эффективным инструментом в совместной работе.

Приемная директора: +7 (727) 242-57-96