Емханада маусымдық тұмауға қарсы вакцинация науқаны басталды.
Тұмау және оның асқынулары қаупі жоғары халықтың нысаналы топтарына вакцина тегін салынады.
Олардың қатарында:
• медицина қызметкерлері;
• диспансерлік есепте тұрған балалар;
• жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
• медициналық-әлеуметтік мекемелердің контингенті мен қызметкерлері;
• эпидемиологиялық көрсетілімдер бойынша инфекция жұқтыру қаупі жоғары адамдар бар.
Вакцинация үшін «Гриппол®» вакцинасы қолданылады. Бұл — Ресейде өндірілген вакцина. Оның штаммдық құрамы алдағы эпидемиологиялық маусымға арналған Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынымдарына сәйкес келеді.
🗓 Қазан айы — маусымдық сырқаттанушылықтың өсуіне дейін вакцина алуға қолайлы кезең. Вакцина алғаннан кейін ағзаға иммундық қорғанысты қалыптастыру үшін уақыт қажет.
Вакцинация тұмаумен ауыру қаупін, әсіресе аурудың ауыр өтуі мен асқыну ықтималдығын төмендетуге көмектеседі.
📍 Нысаналы топтарға жататын азаматтарға тіркелген жері бойынша емханаға жүгініп, вакцинация туралы толық ақпарат алуға кеңес береміз.
Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз — тұмауға қарсы вакцинацияны алдын ала ойластырыңыз.










